ШЫҰ елдері Ұйымның жаңа мүшелерінің міндеттері туралы меморандум қабылдады



Оның ішінде ШЫҰ-на мүше елдердің басшылары 2011-2016 жылдарға арналған Есірткіге қарсы күрес стратегиясын және оны орындау жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасын бекітті.
Сонымен қатар ШЫҰ-на мүше-мемлекет мәртебесін алу мақсатында өтініші беруші мемлекеттің міндеттемелері туралы меморандумға қол қойылған.
Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілетті өкілдері денсаулық сақтау саласында ынтымақтасу туралы үкіметтер арасындағы келісімге қол қойды.
Сондай-ақ ШЫҰ хатшылығы мен БҰҰ-ның есірткі және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқармасы өз ара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.