"ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесінің жұмыс регламентіне қол қойдық, онда осы кеңестің мәртебесін айқындадық. Бұдан былай, регламент бекітілген соң ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесі осы органның консультативтік-кеңес механизмі болмақ", - деді Қ. Мәми.
"Регламент ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесін өткізу тәртібі мен процедурасын айқындайды", - деді Қ. Мәми.
Оның айтуынша, шараға қатысушылар бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес тараптар соттардың экологиялық және көші-қон заңнамаларын қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті. "Бұл аса маңызды, өйткені, бүгінде ол тек Қазақстан үшін ғана емес, барлық ШЫҰ елдері үшін өзекті", -деді төраға.
"Астанадағы кездесу жоғары деңгейде өткізілді, үшінші кеңеске қатысушылардың арасында конструктивті пікір алмасылды", - деді Қ. Мәми.