ШЫҰ елдерінің министрлері «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыруды талқылайды

көлік құрылымындағы жаңа бірлескен жобалар мәселесін, соның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»  дәлізін жүзеге асыруды талқылайды, деп хабарлады РИА Новости.

"Жиында министрлер автомобиль, темір жол және авиациялық көлік саласындағы ынтымақтастықтың дамуын, жаңа көлік инфрақұрылымын қолданысқа енгізу, жаңа жобаларды жүзеге асыру, ШЫҰ ортақ көлік жүйесінің құрылуы мәселелерін талқылайды", - деді ШЫҰ мен БРИКС-тің Уфадағы кеңсесінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»  көлік дәлізін жүзеге асыру жайы да қозғалмақ.


Жиынға қатысу үшін Уфаға ұйымға мүше Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан министрлерінің басшылығымен 17 ұлттық делегация, сонымен қатар ШЫҰ байқаушылары мен  Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан, Иран, Моңғолия, Белоруссия, Түркия және Шри-Ланкадан ШЫҰ диалогы бойынша серіктестер келді.