ШЫҰ кеңістігінде Қытайдың белсенділігі Ресейдің ұлттық мүдделеріне қауіп туғызбайды, дейді Кремльдегілер

Бұл туралы Астанада сәрсенбіде журналистерге РФ президентінің көмекшісі Сергей Приходько айтты.

Алдында ҚХР басшысы Ху Цзиньтао ШЫҰ саммитінде мәлімдегендей, Қытай Ұйымға мүше елдерге несиені жеңілдік шартпен беруін жалғастырмақ.
С.Приходько атап өткендей, "қытайлық әріптестеріміз ШЫҰ кеңістігінде өз шарттарын ұсынған кезде икемділік танытса, оған тек түсіністікпен қарау керек".
С.Приходько мәлімдегендей, "біз Қытайды бәсекелес ретінде емес, пайдалы әрі маңызды процестің бастамашысы ретінде санаймыз".