ШЫҰ Хатшылығының хабарламасында жазылғандай, оған ШЫҰ бас хатшысы Д.Ф. Мезенцев пен АӨСШК атқарушы директоры Ч. Алдемир қатысты.
Тараптар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, терроризммен және есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерінде тиімді және конструктивті ықпалдастықты кеңейтуге әзір.
Шара 20-21 мамыр аралығында өтетін АӨСШК мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының IV Саммитіне орайластырылған.