ШЫҰ саммитіне дайындық мәселесі талқыланды

«ДмитрийМедведевҚазақстанпрезиденті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Қазақстанда (Астанада) маусым айының ортасында Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) саммитіне дайындық мәселесі бойынша пікір алмасты», - делінген РФ президентінің ресми сайтындағы ақпаратта.

Кремльдің баспасөз қызметі әңгіменің қай тараптың бастамасы бойынша болғанын хабарламаған.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары негізін қалаған аймақтық халықаралық ұйым.

ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті 15 маусымда Астанада өтеді.