"Аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында реалды қауіптерге қарсы тұру үшін Ұйымның мүмкіндіктерін күшейтетін боламыз", деді ҚХР жетекшісі Ху Цзиньтао Астанада сәрсенбіде ШЫҰ мүше-мемлекет жетекшілерінің кеңесінің отырысында.
"Біз бұрынғысынша үш зұлымдыққа қарсы, яғни терроризмге, есірткі трафигіне және шекараралық қылмысқа қарсы күресті одан әрі жалғастырмақпыз", деді ол.
ШЫҰ-ның Астанадағы осы саммиті Қазақстанның Ұйымға төрағалық кезеңін аяқтайды. 2011-2012 жылдары ШЫҰ-ға төрағалық ету міндеті Қытайға өтеді.
ШЫҰ төрағасы ретінде ҚХР аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға зейін қояды
