ШЫҰ Волгоград жанында лаңкестікке қарсы жаттығулар өткізеді

"Жаттығулар қоғамдық маңызы бар нысандарға лаңкестік қаупін төндіруді жоюды көздейді. Атом электр станциясына жасалған шабуылды тоқтату пысықталады", - деп хабарлады Ресей агенттігіне ШЫҰ-ның жоғары лауазымды шенеунігі.

Оның айтуынша, қазір ШЫҰ қатысушылары жаттығу ауқымын келісуде. "Әр тараптан рота немесе взвод деңгейінде болу жоспарланып отыр", - деп толықтырды ұйым өкілі.