"Кеңестің басты функцияларының бірі ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары үшін сот саласындағы ұсыныстар дайындау болғандықтан, сіздердің мекемелердің желісімен құқықтық көмек және азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым-қатынастар жөніндегі конвенцияның жобасын жасаудың орынды екеніне назар аударғым келеді", - деді Б. Нұрғалиев.
"2007 жылғы саммит барысында экстрадиция және репатриация, қылмыстық істер бойынша дәлелдер жинауда өзара көмек көрсету, біздің мемлекеттер аясында осы саладағы байланыстар етене жақын әрі проблемасыз болуға тиіс екендігі жөніндегі мәселелер көтерілді", - деді ол.
"Үш айдан кейін Душанбеде жоғары деңгейлі кездесулер өтіп, онда ШЫҰ-ына мүше елдердің мемлекет басшылары басым бағыттардағы ахуалды талқылап, ұйымды дамыту келешегін белгілейді. Бүгінгі кеңес жұмысының нәтижелі болуы осы саладағы ахуалдың ойдағыдай екендігіне дәлел болмақ", -деді ұйымның бас хатшысы.
Өз кезегінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмидің пайымдауынша, "тұрақтылықты дамыту тұрғысынан өңірде көші-қон процестеріне қатысты мәселелер аса маңызды болмақ". "Халықтың көші-қон саласындағы нормативтік нұсқауларды бұзу Қазақстанда әкімшілік жауапкершілікке алып келеді, ал одан да күрделі заң бұзушылықтар сот тәртібімен қаралады. Алайда, осындай сот актілерін орындау мен мойындауды рететйтін халықаралық келісімдердің жоқтығы заңнамалық шаралардың ықпалын төмендетіп, жалпы алғанда мемлекеттің күш-жігерінің тиімділігіне әсер етеді", - деді Қ. Мәми.
"ШЫҰ-ның шеңберінде ТМД елдері бастаған сот актілерін орындау саласындағы ынтымақтастықты өзара мүдделерді ескере отырып жалғастыру керек", - деді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы.