Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Сібірдің жедел кеден қызметкерлері Ресейден өз отанына 77 млн рубль тұратын азық-түлік өнімін заңсыз алып бара жатқан Қазақстан азаматын ұстаған.
Баспасөз баянында хабарланғандай, ресейлік кеденшілер оның қатысуымен жасалған елуден астам контрабанда дерегін анықтаған. Қылмыскер өнім түрінің әртүрлілігіне қарамастан (консервтер, мұздатылған балықтар, шокалад. Йогурт және т.б.) өзінің заңсыз әрекеттерін жалғыз схема бойынша жүзеге асырған. Ол тауарды шекарадан жалған құжат арқылы көлік құралдарымен тасымалдаған: кедендік рәсімдеу кезінде ол жалған мал дәрігерлік куәландыру құжаты мен счет-фактура көрсетіп отырған. Бұл құжатқа сәйкес өнімдер Алтай және Новосибирск деген жалған фирмалардан сатып алынып отырған.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, азық-түлік өнімдерінің нақты шыққан жерін тергеу анықтайтын болады. Ұсталған азаматтың үстінен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-ші тармағы бойынша (котрабанда) қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Ол сот шешіміне сәйкес қамауға алынды.