Сібірдегі алапат орман өртінің түтіні Мәскеуге дейін жетті

Иркутск пен Томск облыстарында жағдай барынша күрделі. Бурятия мен Краснояр өлкесінде өрт алаңы 5 мың шаршы метрден асты.

Жалын ошағы жетуі қиын тайгада болғандықтан, жағдай ушыға түсуде. Қосымша құтқарушылар күші жұмылдырылды. Олардың негізгі міндеті - жалыннан тұрғын үйлерді қорғау.

Түтін Мәскеуге дейін жетті. Түтін иісін қаланың бірнеше аудандарының  (солтүстік батыс, солтүстік шығыс) тұрғындары сезінуде, деп жазды tvzvezda.ru.