Сицилиялық монах әйел «Италия дауысы» байқауында жеңіске жетті

Монах әйел сахнаға дәстүрлі кресі бар киіммен шығып, Құдайға жеңісі үшін алғыс білдірді, деп хабарлады Би-Би-Си. 25 жастағы Скуччияның сөзіне қарағанда, ол байқауға Рим папасы Францисканың шіркеу мен халықты жақындату тілегін орындау үшін келген.

Алиса Кистің No One  әнін орындаған монах әйел YouTube-тың  видеохостингінде 50 млн.-нан артық қаралып, танымал болды.



Кристина өзінің вокалдық орындаудағы бағын сынау үшін наурыз айында келген.

Байқау талаптары бойынша, төрешілер өз үміткерлерін теріс қарап отырып тыңдайды. Әннің бірінші шумағы орындалып бітісімен-ақ оның дауысына таңғалған төрешілер оны қолдайтынын білдіретін тетікті басқан.