Сиднейде Бекзат Саттархановтан жеңілген боксшы: Ол кезде төрешілер қараулық жасады

Рамаз Палиани 2000 жылы Австралияның Сидней қаласында өткен олимпиаданың ширек финалында қазақ боксшысы Бекзат Саттархановтан төрешілердің кесірінен жеңілдім деген пікір айтты.

- Сиднейде өткен соңғы олимпиадаға Түркияның атынан қатыстым. Ширек финалда қазақпен болған кездесуде төрешілер маған қиянат жасады, - деді ол.

Сонымен қатар Рамаз Палиани Барселона олимпиадасының жартылай финалында, ТМД чемпионатында төрешілер жеңісті қарсыласқа әперді деп ойлайтынын айтты.

Айта кететін нәрсе, ол үш олимпиадаға қатысып, үшеуінде де болашақ чемпиондардан жеңілген болатын.

Сұхбат Барселона олимпиадасының 25 жылдығы құрметіне алынған.


Видеода Бекзат Саттарханов пен Рамаз Палианидің Сидней ширек финалындағы жекпе-жегі. Онда "Еуроспорт" арнасының жүргізушілері төртінші раундта Бекзаттың жақсы соққы жасағанын, бірақ төрешілердің оған ұпай бермегенін айтады.