Сиднейде пандемия кезінде тоқтаған жарыс түрі жанданды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сити-ту -Сёрф ((City2Surf)) деп аталатын жарыс 1971 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Тек пандемияға байланысты екі жылдық үзіліс болды. Шараға қатысуға ниет танытатындар жарна төлейді. Түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады. Жарысқа қатысушы: - Жүгіруге келген адамдардың қарасын көріп қуандым. Карантин кезінде қамалып қалған едік, енді пандемияның аяқталғанын бәріміз асыға күтіп едік. Міне енді жарысқа келіп, көзайым болып жатырмыз.