Сиэтл университетінде атыс болып, бір адам көз жұмды

Салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды Си-Эн-Эн телеарнасы.

Жергілікті полицейлердің мәліметіне сүйенсек, қару қолданған 26 жастағы еркектің университетке еш қатысы жоқ көрінеді. Күдікті бірден қамауға алынды.