Siemens пен Sony шығынға батты

Сондай-ақ, компанияның энергетика мен газ бөлімшесінің пайдасы кеміді. Осыған орай, бөлім басшысы Роланд Фишер өз қызметінен кететінін мәлімдеді.

Жуырда Siemens мұнай-газ жабдықтарын шығаратын Dresse компаниясының акцияларын сатып алды. Осылайша өз жағдайын одан әрі асқындырып жіберді. Өйткені акцияларға кеткен қаражат Siemens-тің жылдық табысынан 58 есе көп болды.

Жапонияның  Sony компаниясының да жағдайы мәз емес. Өткен жылы оның шығыны 1 млрд 200 млн АҚШ долларына дейін жетті. Осыған орай, Еуропа, АҚШ пен Қытайдағы смартфон шығаратын бөлімшесінде бір мың қызметкер жұмысынан айырылып қалды.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар өндіріс шығынын азайту үшін жасалып отыр. Ал 2016 жылдың наурызына дейін Sony компаниясы 5 мың қызметкерін қысқартпақ.