Caravan Logo

Сикстин капелласына адамдарды «тазартып» қана кіргізеді

Сикстин капелласына адамдарды «тазартып» қана кіргізеді

Бұл жүйе діни мұражайдағы әйгілі қылқалам шеберлері фрескаларының жақсы сақталуына жағдай жасайды.

Corriere della Sera газетіне сұх­бат берген Ватикан мұражай­лары директоры Антонио Пао­луччидің айтуынша, капелла есі­гінен 100 метрдей жерге кілем төселіп, оны басқан адамның аяқ­киімінен бастап, басына дейін шаңы, қыл-қыбыры түгел тазар­тылады. Бұған қоса, музейге ке­луші терден де арылады, өйткені қабырғадағы көркем­суреттерге шамадан тыс дымқыл да қауіп төндіреді. Сикс­тин капелласы - Қайта өрлеу дәуі­рінің ірі ескерткіші. Мұндағы фрескаларды тама­шалауға жы­лына - 5 млн, ал күніне 20 мыңға дейін адам келеді. Капелла қа­бырғаларын кезінде Боттичелли, Пинтуриккьо, Пе­руджино, Гир­ландайо, Мике­ланд­желолар өз туындыларымен безендірген.