Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG ресми тобының парақшасында хабарланған.
«Калифорнияда өтетін жұдырықтасу тек жанкүйерлер арасында ғана емес, Голливуд жұлдыздарының арасында да зор қызығушылық тудырды. Сенбі күнгі кездесуді көруге танымал актерлер Сильвестр Сталлоне, Дензел Вашингтон мен Джек Николсон баратыны белгілі болды», - делінген таратылған ақпаратта.
Еске сала кетейік, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпион Геннадий Головкин мен WBC-тың уақытша чемпионы арасындағы кездесуді HBO мен KazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 19 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 8-дер шамасында басталады.