СІМ АҚШ-та алаяқтық жасады деп айыпталған 16 отандасымызға қатысты мәлімет ала алмай отыр


Себебі АҚШ-та бюджетті бөлу үлкен дауға ұласып, мемлекеттік мекемелер жаппай жабылған. Қаржылық проблемаларымен бас қайғы боп жүргендіктен біздің дипломаттардың ресми сауалына жауап бермей қойыпты. Естеріңізге сала кетсек, Федералдық тергеу бюросы ТМД елдерінен шыққан 55 азаматқа ірі көлемде алаяқтық жасады деп айып таққан еді. Оның 16-сы Қазақстан азаматтары. Қазір біреуі қамауда отыр, ал қалғандарына халықаралық іздеу жарияланған. Шатылып жатқан отандастарымыз Америкаға негізі тіл үйрену үшін барған екен. Ал тергеу материалдарына сүйенсек, күдіктілер америкалықтардың құпия мәліметтерін ұрлап, АҚШ-тың салық басқармасын ондаған миллион долларға тақырға отырғызып кеткен.