СІМ АҚШ-та қаза тапқан отандасымыздың мәйітін елге жеткізуге кететін шығынды өтеп береді

 Қыркүйек айының орта шенінде АҚШ-та жол апатына ұшыраған Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.


           «25-қыркүйекте Чикагодағы медицина орталығында жатқан Қазақстан азаматы Талғат Орынбаев көз жұмды. Жоғары жылдамдықпен жүретін тас жолда BMW автокөлігінің астына түскен Т.Орынбаев ауруханаға 14-қыркүйекте түскен болатын. Көлікті 53 жастағы АҚШ азаматы Дэвид Сэмс басқарып келе жатқан», - деді ол дүйсенбідегі брифингте.
           Ж.Үсеновтың айтуынша, Д.Сэмс дереу «жедел жәрдем» шақырғанымен ауыр жарақат жерлесімізді өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік бермепті.
           Қазір ІІМ ата-анасының сұрауы бойынша Т.Орынбаевтың мәйітін елге жеткізуге көмектесіп жатыр.
           «Мәйіті Астанаға 1-қазанда жөнелтіледі», - деді Ж.Үсенов.
           Оның айтуынша, АҚШ-тағы қазақ диаспорасы марқұмның отбасына 16 мың доллар жинап беріпті.