СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр.

"Қазір екі елдің бас прокуратурасы арасында жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігіне қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста.

"Ол ағылшын және қытай тілдерін үйреніп жатыр. Денсаулығына қатысты шағым жоқ, көңіл күйі қалыпты", - делінген СІМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мән-жайды түсіндірген болатын. Оның айтуынша, Қытай түрмесіне өмір бойына сотталған қазақстандықты экстрадициялау туралы ойлау әлі ерте. Мәселе әлі шешілген жоқ.

"Қазақстан Республикасының сотталған азаматтарын елге қайтару 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Бейжіңде қол қойылған екіжақты келісіммен реттеледі. Мұндай келісім барлық елде жоқ. Бұл факт!


Елге қайтару мына процедуралардан тұрады:

1. Үкімді өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыруға (мерзім бойынша есептелген) қайта қарау туралы қаулы елге қайтаруға тікелей ықпал етеді.

2. ҚР Бас прокуратурасына сотталушыны елге қайтару туралы өтінішхат жолдау. *Өтінішхатты мен 2016 жылдың сәуірінде бастадым.

3. БП мен ҚР СІМ-нің Қытай тарапымен бағдарламаны орындау бойынша өзара іс-қимылы.

Өте маңызды сәт. Биыл жаза қайта қаралуы мүмкін", - деді Нұрмағамбетов.