Caravan Logo

СІМ Блинкеннің Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді

СІМ Блинкеннің Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы америкалық тараптан растау күтетінін айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Біз ресми растауды күтіп отырмыз. Хабар болғанда жариялаймыз. Америка тарапынан ресми растауды күтеміз", - деді Тілеуберді үкімет отырысында журналистің сұрағына жауап беріп.

Бұған дейін БАҚ Астанада С5+1 форматындағы министрлердің жыл сайынғы кездесуі өтетінін, оған қатысу үшін Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келеді деп хабарлаған болатын.