Симферополь-Мәскеу ұшағына найзағай түсті

«Ауа райының қолайсыз жағдайында Симферопольден рейске шыққан кезде  Boeing 737 ұшағының фюзеляжына найзағай түсті. Салдарынан ұшақ зақымданды. Алайда жолаушылар зардап шеккен жоқ. Экипаж ұшақты әуежайға аман-есен қондырды», - деді агенттіктен.

Тосын жағдай салдарынан фюзелаждың сол және оң жағындағы он сегіз бұранда балқып кеткен.