Синайда қонақүй маңында екі жарылыс болды

Қаза тапқандардың ішінде бір полицей, жарақаттанғандардың ішінде полицияның тоғыз қызметкері бар.

Полиция ақпаратынша, парламенттік сайлаудың өту барысын бақылаған судьялар тұрған қонақ үй маңында миналанған көлік жарылды, бірнеше уақыттан кейін тағы бір жарылыс орын алды, деп жазды  РИА Новости.

Эль-Ариш қаласы Солтүстік Синай провинциясының орталығы.  Ол 31 қазанда лаңкестік акті  салдарынан А321 ресейлік жолаушылар ұшағы құлаған жерден жүз шақырымдай жерде орналасқан.