Сингапур Жапониядан озып, Азияның ірі валюталық орталығына айналды, деп хабарлады Bloomberg агенттігі халықаралық есептер банкісінің (Bank for International Settlements, BIS) деректеріне сілтеме жасай отырып.
Сингапурда соңғы үш жылда валюта сатудың орташа күндік көлемі 44% артып, 2013 жылдың сәуір айында 383 млрд долларды құраған.
Әлемдік рейтингте Сингапур валюталық сауда-саттық көлемі жағынан Ұлыбритания мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында.