Сингапурде жолаушылар ұшағы қону кезінде отқа оранды

ТАСС хабарлағандай, Boeing 777 Сингапур - Милан бағытында ұшқан. Шамамен екі сағаттан кейін қозғалтқыштардың бірінде болған ақау салдарынан командир әуежайға қайта оралу шешімін қабылдады. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, мұнда жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін.  Қону кезінде ұшақтың оң жағында өрт шықты. Өрт сақшылары оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жетті.  

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, сонымен қатар авиатасымалдаушы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.