Cиноптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды,- деп хабарлайды "Қазгидромет".
"Атлантикалық циклон жауын-шашын мен температураның жоғарылауына алып келеді. Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттар ауысады. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген өңірінде алдымен жылы, сосын суық атмосфералық фронттарда, қар мен борандар, батыс желі 15-23 м/с дейін, ауа температурасының жоғарылауы және көктайғақ күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.