Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Қазгидрометтің ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік жартысында күн бұлтты, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты.
"Ал Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен республиканың солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Ауа температурасы жексенбіден бастап аздап төмендейді, осылайша ақпан айының орташа көпжылдық мәніне жақын болады", - делінген хабарламада.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 15 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -7℃, күндіз -4℃.
- 16 ақпанда күн бұлтты, қар жауады, түнде -8℃, күндіз -6℃.
- 17 ақпанда аздаған қар жауады, түнде -7℃, күндіз -5℃.
Алматы
- 15 ақпанда күн ала бұлтты, түнде -2℃, күндіз +4℃.
- 16 ақпанда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, түнде +1℃, күндіз +1℃.
- 17 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -4℃, күндіз +1℃.
Шымкент
- 15 ақпанда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, түнде +4℃, күндіз +8℃.
- 16 ақпанда жабысқақ қар жауады, түнде +1℃, күндіз +4℃.
- 17 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -3℃, күндіз +4℃.