Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы жылынады деп болжауда


Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы шығысқа жылжыған салқын атмосфералық ағындар, көптеген облыстарда жауын-шашын, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында күшті нөсер алып келеді. 

Салқын ағындардың соңынан батыстан басталған антициклон таралады, одан кейін Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашын тыйылып, көктемгі жылы күн райы болады деп болжануда. 

Тек қиыр солтүстік пен шығыста аздаған жауын-шашын әлі сақталады.