Егер 5 қыркүйекте нағыз күзгі ауа райы республиканың солтүстігінің шеткі жағында болса, ал қалған аумақта ең жоғарғы температура 30-38 градусқа жетсе, жақын тәулікте циклонның әсерінен республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын, найзағай, желдің күшеюі және суыту күтіледі.
Солтүстікте, орталықта, ал 8 қыркүйекте батыс облыстарында күндізгі температура 13-23 градустан жоғары болады. Найзағай мен өткінші жаңбыр, және ыстықтың әлсіреуі республиканың оңтүстік-батыс және батысында күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде жаз секілді ыстық, күндіз термометр бағанасы 30-39 градус нөлден жоғарыны көрсетеді. Алайда 9 қыркүйекте мұнда жаңбыр болуы мүмкін.