Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райын болжады

«Суық арктикалық ағын Қазақстанның оңтүстік, солтүстік облыстарына ауысады. Соның әсерінен  жақын күндері республиканың шығысында қар жауады. Оңтүстікте де 2 наурызда қар жауады деп күтілуде. 2 және 3 наурызда елдің оңтүстік-шығысында таулы жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және температура 1-3ºС нормадан төмен болады деп күтілуде,», - делінген хабарламада.

Республиканың қалған аймағы антициклонның ықпалында болады, сондықтан аспан ашық, жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы климаттық нормадан 3-7ºС жоғары.