Синоптиктер Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкіндігін ескертті

«Қазгидромет» РМК өкілдері  Алматы облысында қар көшуі мүмкіндігіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Алматы облысының таулы аймақтарында қар жамылғысының қалың болуы және жылымықтың салдарынан 24-26 наурыз аралығында қар көшкіні болуы ықтимал», - делінген хабарламада. Көшкін қауіпіне байланысты ірі тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.