Синоптиктер демалыс күндері қар жауатынын хабарлады


Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік аумағында жаңбырдың арты қарға ұласады, бұлыңғыр ауа райы және күннің суытуы күтіледі. Егер 11 қазанда күндізгі температура әліде плюс 13...20°С болса, 13 қазанда 0…плюс 8°С жоғары болмайды, ал түнгі температура 0…минус 5°С болжанады. Мұндай ауа райы республика аумағына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан жылжыйтын арктикалық суық фротпен байланысты болады. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында суық фронттардың әсері күндіз 12, тәулік бойы 13 қазанда күтіледі, мұнда әзірге жаңбыр, бірақ таулы аймақтарда жаңбыр қарға ұласатын болады.