Синоптиктер қаңтардағы ауа райына болжам жасады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан көлемінде 2019 жылдың қаңтар айына болжам жасады.

Алдын ала болжамға сәйкес қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады.

Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан төмендейді.

"Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында қалады. Сынап бағанасы түнде 25…30, кей жерлерде 35 дейін, күндіз 15…20, кей жерлерде 25 градусқа дейін төмендеп, аяз болады", — деп жазылған хабарламада.  

Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде ауа райы айтарлықтай суытпайды. Ауа температурасы түнде 2…7, кей жерлерде 12 дейін аяз, күндіз 0…5 жылы, кей жерлерде 5 дейін суық болады.


"Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы және жауын-шашынды болады. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендеуі мүмкін", — деп түйіндеді метеорологтар. 

Синоптиктер жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін ескертті.