Синоптиктер Қазақстанның оңтүстік-шығысында сел жүру қаупі бар деп ескертуде

Республикалық мемлекеттік "Қазгидромет" кәсіпорны Алматы облысы үшін ескерту жариялады.


           Мәселен, 13-тамыз күні нөсерлі жаңбыр салдарынан аймақтың таулы өзендері тасуы ықтимал, делінген дүйсенбіде Алматы бойынша ТЖ департаменті таратқан кәсіпорынның хабарламасында.
           Синоптиктер селдің жүруі ықтимал екендігін де жоққа шығармайды.