Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста ескерту жариялады

"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, 22 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

 "Орал қаласында 22 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр болады", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, бүгін, 22 сәуірде Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Ақтау қаласында 22 сәуір түнде және күндіз тұман түседі.