"Екінші және үшінші қазан күні түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары, 2 - 3 қазан күндері Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары жауын-шашынды болмақ - жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік бағытта соққан жел кейбір жерлерде секундына 17 - 22 метрге дейін жетеді", - деп хабарлайды "Қазгидромет" дүйсенбі күні.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамына сәйкес, 2 - 3 қазан күні түнде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында және 3 қазан түнінде Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ауа температурасы 0-ден 5 градусқа дейін төмендейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті