Синоптиктердің болжамы: Алдағы күндері ауа райы бұзылады

Синоптиктер алдағы күндердегі ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан атмосфералық ағымдар ығысады. Соның әсерінен  кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды, әсіресе қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел соғады. Солтүстік облыстарда бұрқасын болады деп болжануда. 

Тропосфералық ауа ағыны, негізінен, батыс бағытта болатындықтан, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Қалыпты температурадан 2-5 градус жоғары болады. 


14 қарашада Қостанай облысының кейбір аудандарын күні бойы тұман басады. 14-16 қараша аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.