Синоптиктердің бүгінгі ауа райына болжамы

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік  Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарыныңкей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік күтіледі.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Астана қ
: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел ауыспалы 5-10 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +2+4°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.