Сирек кездесетін сұңқарларды Қазақстаннан Катарға заңсыз жөнелтпек болған

Қазақстандық шекарашылар Қызыл кітапқа енген оннан астам сұңқарды Катарға заңсыз шығаруға жол бермеді, деп хабарлайды Sputnik Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. .

Шекара жасағы Алматы әуежайында Алматы-Доха рейсіне жүкті тиеу барысында өткізу пунктінде үш ағаш жәшікті тапты. Олардың ішінде 14 сұңқар болған, құстардың идентификациялық сақинасы жоқ болып шықты.


Аталмыш дерек бойынша тиісті органдарға хабар берілген.