Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Сирия әскерінің қолбасшылығы офицерлерге президент Башар Асадтың 24 жылдық авторитарлық билігінің аяқталғаны туралы хабарлады", - делінген хабарламада.
Агенттіктің материалында Сириядағы көтерілісшілер Дамаск "қазір Асадтан азат" деп мәлімдегені туралы айтылған.
Асад үкіметінің премьер-министрі Мұхаммед Қазы әл-Жалел "Сирия халқы таңдаған кез келген басшылыққа билікті бейбіт түрде тапсыратынын" мәлімдеді.
"Сирия көрші және әлем елдерімен жақсы қарым-қатынас орнататын қалыпты ел бола алады. Бұл Сирия халқы таңдаған басшылыққа байланысты болады. Біз келген билікпен әріптестік орнатуға дайынбыз", - деді премьер-министр.
Башар Асадтың қайда екені белгісіз.