Бүгін таңертеңгі сағат 6.30-да "Протон-М" зымыран тасығышы техникалық жанармай құю станциясынан темір жол платформасымен №20 алаңның ұшырылым кешеніне тасымалданды. Зымыран №200 алаңның ұшырылым "үстеліне" жеткізіліп, тікесінен орнатылды.
Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. М.Хруничев атындағы орталық қызметкерлері бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмысқа кірісті.
"Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылым алаңына шығару жөніндегі шешім кеше, 13 қарашада ұшырылым жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерін төрт күн бойы тексеретін болады.
Скандинавияның Sirius-4 аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы №200 алаңнан 18 қарашада Астана уақыты бойынша 4.40-та, Мәскеу уақытымен 1.40-та ұшырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті