Бірнеше күннен бері Женевада өтіп жатқан басқосуда екі жақ бір мәмілеге келе алмады. Сондықтан Біріккен ұлттар ұйымының арнайы өкілі Стеффан де Мистура үзіліс жариялады. «Нәтижесіз отырыстан еш пайда жоқ» деген ол тараптардың жақын уақытта ортақ шешім қабылдауға ұмтылу керектігін жеткізді. Стеффан де Мистура, Сирия мәселесі бойынша БҰҰ арнайы өкілі: - Біріккен ұлттар ұйымы маңызды мәселелерді шешуге дайын. Жиынның бірінші күнінен бастап мен бұл басқосудан нақты нәтиже күтетінімді айтқан болатынмын. Ал әзірге ілгерілеу болмағандықтан үзіліс жасауды жөн деп шештім. Біз енді 25 ақпанда Женевада қайта жиналып түйіткілді мәселелерді зерделейміз.