Сирия химиялық қарудың 88% құтылды

деп мәлімдеді сәрсенбіде Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым мен БҰҰ бірлескен миссиясының үйлестірушісі Сигрид Кааг.

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымнан атап өткендей, сәуірде жойылуға тиіс материалдарды сириялық Латакия кемежайына тасымалдау қарқыны күшейген.

Белгіленген кестеге орай , 27-сәуірге дейін Сирия елден химиялық қарудың бүкіл арсеналын әкетуі шарт. Биылғы жылдың 30-маусымына дейін ол толықтай жойылуға тиіс.