Сирия: көтерілісшілер Дамаск қаласын зымырандармен атқылады

Британияда орналасқан Сирияда адам құқықтары сақталуын сараптау орталығының мәліметінше, «Ислам әскері» деп аталатын топ 40-тан астам зымыран атқан.

Көтерілісшілер болса, бұл әрекеттерін мемлекет әскерінің әуе шабуылына қарымта жауап деп атаған.