Сирия мәселесі бойынша «Женева - 2» конференциясы өтуі мүмкін

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті.

Қазақстанға сапарынан кейін С. Лавров Женеваға барады. Онда Сирияның химиялық қаруды тапсыру мәселесі қаралмақ. «Бұл - күн тәртібінде тұрған бір мәселе ғана. Әріптесім Джон Керри екеуіміз Сирия мәселесі бойынша «Женева - 2» конференциясын өткізу мәселесін де қарастырған жөн деп шештік. Бүгінде сыртқы күштердің қатысуымен соғысты ашпауға мүмкіндік бар. Демек, «Женева - 2» конференциясын өткізу бойынша атқарылған ауқымды шара іске асуы әбден мүмкін», - деп атап көрсетті С.Лавров.

Айта кетейік, Сириядағы жағдай ушыққалы бері оны қалпына келтіру мәселесі халықаралық қауымдастықтың күн тәртібінен түспей тұр. Осыған орай, «Женева - 2» конференциясын өткізу бастамасы көтерілді. Ол туралы Санкт-Петерборда болған G20 саммитінде де айтылған еді. Бұл бастама іске асатын болса, барлық тараптарды жинап, Сирия мәселесін шешу жолдарын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік тумақ.

Біз Сирия мәселесі бойынша қолдау білдіргені үшін Қазақстанға алғыс айтамыз.

«Біз Қазақстандағы достарымызға халықаралық дәрежеде бірлесіп жұмыс істеп жатқандары үшін алғыс айтамыз. Ресейдің Сирия мәселесі мен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бастамаларына қолдау білдіргеніне ризамыз. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы екі елдің тығыз қарым-қатынасын айқындаса керек», - деп атап көрсетті С.Лавров.


Айта кетейік, бүгінде Ресей Сириядағы барлық химиялық қаруды халықаралық қауымдастыққа тапсыруды ұсынуда. Ресми Дамаск оған келісті. Қазір АҚШ Сирияға қарсы әскери күшті қолдану райынан қайтқан сыңайлы.

Қазіргі таңда Ресей мен Қазақстанның бірлескен жобалары 40-тан асады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті.

«Ресей мен Қазақстанның бүгінгі тиімді ынтымақтастығына ортақ жобалар дәлел бола алады. Ондай жобалардың саны 40-тан асады, нақты 44-ау деймін. Соның 11 жобасы ағымдағы жылы іске қосылатын болады. Ресей тарапынан бұл жұмысқа он сегіз министрлік пен ведомство атсалысып жатыр», - деп атап көрсетті С.Лавров.

Айта кетейік, аталған жобалардың барлығы Қазақстан мен Ресейдің 2013-2015 жылға арналған бірлескен іс-шаралар туралы жоспарына енген. Ол құжатты өткен жылы екі елдің президенттері рәсімдеген болатын.