Сирияда әскери ұшақ тұрғын үй алабына құлап, 20 адам қаза тапты


Ондаған адам жарақат алды.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, құлаған  Миг-23 жойғыш ұшағы.

Идлибқа жақын орналасқан Эриха қаласы сириялық әскердің тірек пункттерінің бірі болған. Алайда мамырда оппозиция мен исламшылар бақылауына өткен.