Сирияда қақтығыс құрбандарының саны 162 мың адамға жетті

Бұл туралы Ливанның «Дейли стар» газетінің веб сайты Лондонда орналасқан Адам құқықтары жөнінжегі қадағалау кеңесі мәлімдеді.

Оппозициялық құқық қорғаушылардың есептеуі бойынша, құрбан болғандардың 8 607 баланы қосқанда, 53 978-і азаматтық тұлғалар.

Үкіметтік күштер 61 170 адамнан айырылды.


Қадағалау кеңесі «Хезболла» ливандық қозғалыстың 438 мүшесі мен Дамаскідегі режімнің 1224 жақтасы қайтыс болғанын растады.

Құрбан болғандар тізімінде кім екенін анықталмаған 2891 адам бар.