Сирияның солтүстігіндегі Камышлы қаласында 2 жарылыс болды. Іске қосылған алғашқы бомба мотоциклге қойылған екен. Алдын ала мәлімет бойынша, 3 адам ажал құшып, оннан астамы жарақат алды. Ал екінші жарылғыш дәмханада іске қосылған. Кейбір ақпарат құралдары лаңкестік әрекет жасалған кезде іште 25-ке жуық адам болды деп хабар таратты. Әйтсе де бұл жерде қанша адамның зардап шеккені айтылмайды. Экстремистік әрекеттерді «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мойнына алып отыр. Айта кетейік, Әл-Камышлы қаласы Түркиямен шекара бойында орналасқан.