БҰҰ Балалар қорымен екі күн бұрын келісім жасаған Профилактикалық кампания Идлиб провинциясының солтүстік-батыс аймағындағы сирия оппозициясының бақылауындағы ауданда қайғылы жағдайға тап болды.
ИТАР-ТАСС мәліметтеріне қарағанда, Джирджаназдың өзінде 12 бала қаза тапқан. Он шақты бала ауыр халде жатыр. Оларда қатты улану мен аллергияның белгілері байқалады. Оппозициялық және революциялық күштердің Ұлттық коалициясы құрған «Уақытша үкімет» вакцинация бойынша кампаниялардың жұмысын уақытша тоқтатты.